"АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БІРЖАН САЛ АУДАНЫ БОЙЫНША БІЛІМ БӨЛІМІ МАҚПАЛ АУЫЛЫНЫҢ НЕГІЗГІ ОРТА МЕКТЕБІ" КММ
КГУ "ОСНОВНАЯ СРЕДНЯЯ ШКОЛА СЕЛА МАКПАЛ ОТДЕЛА ОБРАЗОВАНИЯ ПО РАЙОНУ БИРЖАН САЛ УПРАВЛЕНИЯ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ"

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Күз- мерекем, күз-берекем

28.10.2020

 

Тақырыбы: «Күз- мерекем, күз-берекем»

Мақсаты: Алтын күз мерекесін өткізу. Балалардың күз туралы түсініктерін кеңейту, оларға мерекелік көңіл-күй сыйлау.

Көрнекіліктер: Залдың іші күз мерекесіне сай безендірілген. Жапырақтардың суреттері, интер- белсенді тақта, түрлі карточкалармен тапсырмалар.

Барысы: Әдемі әуен ойналып тұрады, сыныпқа балалар кіріп орындарына тұрады.

Жүргізуші: Құрметті оқушылар! Бүгінгі біздің 0 «А» мектепалды даярлық топтарымен өткізілгелі отырған «Күз-мерекем, күз-берекем» атты ертеңгілігімізге қош келдіңіздер!

Армысыздар, халайық,

Бармысыздар, халайық!

Күзгі тойды жұп жазбай,

Бірге қарсы алайық!

Балалар, бүгін барлығымыз күз мерекесіне жиналдық. Бірақ біздің мерекеге біреу жетіспейді.Сендер білесіндер ме ол кім?

Балалар: Ол күз!

Жүргізуші: Ендеше күзді ортаға шақырайық.

Бірге: Берекелі күз келді, меркелі күз келді.

Күз: Сәлеметсіңдер ме, балалар!

Балалар: Сәлеметсіз бе, Алтын күз!

Күз: Береке бақ дарыған,

Жомарт көңіл, жарқын жаз.

Сары алтынға малынған,

Алтын күз деген мен болам. Армысыздар,  кішкентай бүлдіршіндер! Мен мерекеге кешігіп қалдым ба?

Балалар: Жооооқ.

Жүргізуші: Шоғы толған гүлдей жайнап,

Шақырады жарқын жүз,

Сайраңдаған күліп-ойнап,

Келді міне Алтын күз!

Күз: Балалар мен сендерді көргеніме қуаныштымын. Мен сендерге бір жұмбақ жасырайын.

Ағайынды бәрі

Шықса жасыл

Түссе сары. Бұл не?

Балалар: Жапырақ.

Күз: Дұрыс таптыңдар, жарайсыңдар!

Жүргізуші: Алтын күз, біздің балалар күз туралы өлең, тақпақтар біледі. Сіз жайланып отырып балалардың өнерін тамашалаңыз.

Ән: «Алтын күз» 0 «А» оқушылары

1 оқушы: Нұрислам

Күзім-ау, күзім-ау!

Мінезің бұзық-ау,

Жаңбырың сіркіреп,

Келгенің қызық-ау!

 

2 оқушы: Айзере

Қарашы күз келді, күз келді,

Сары алтын жауыпты іздерді,

Құс біткен керуен түзеді,

Көңілсіз неліктен күз енді?

 

3 оқушы: Адэма

Қара бұлт қабағын түйеді,

Бұталар боз қырау киеді,

Осы ма, осы ма күз деген,

Бақшаға баратын бізбенен.

 

4 оқушы: Нұрайлым

Сары теңге жапырақ,

Бояған ба көл бетін?

Тоңазыпты топырақ,

Ызғарлы екен желде тым.

 

5 оқушы: Әбілмансұр

Кездескен соң күзімен,

Бұтағынан үзілген.

Ай жапырақ-сары алтын,

Айналаның бәрі алтын.

 

«Қолшатыр» биі: 0 «А» сынып оқушылары

 

6 оқушы: Ерсұлтан

Гүл жайнаған даланың,

Жапырағы солыпты.

Таңырқадым, қарадым,

Танымастай болыпты.

 

7 оқушы: Диас

 Алтын, сары, қызыл, көк,

Алуан-алуан жапырақ.

Күзгі бақта күлімдеп,

Көз тартады атырап.

 

8 оқушы: Күмісай

 О, алақай тамаша,

Шашу шашады жапырақ.

Бақтың іші алаша,

Аунар ма еді жатып ап!

 

Ән: «Құлыншақ» орындағандар 0 «А» тобы

Жүргізуші: Балалар енді мен сендерге көкөністерге қатысты жұмбақтар жасырамын.

Мақтанғаннан не пайда?

Менсіз дәмді щи қайда?

Мені қосса самсаға

Бәрі жейді тамсана. (Орамжапырақ)

 

Өсем бақша-бауыңда,

Қатты ұқсаймын қауынға

Жемек болып шикілей

Күлкі болма қауымға. (Шалқан)

 

Мен бір сөз айтайын,

Мақтанайын сіздерге.

Менсіз борщ болмайды,

Венегретте үстелде. (Қызылша)

 

Дәмім тілді үйірген,

Мен тұздалған күйімде.

Жаңа піскен күйімде,

Жейді бәрі сүйсіне (Қияр)

 

Күз: Өте тамаша, балалар! Қазір менімен ойын ойнайсыңдар ма?

Тәрбиеші: Қане, балалар, осындай молшылық күз айында бір ойын ойнап жіберейік. Ол ойын «Кім жылдам?» деп аталады. Ойынның шарты бойынша 1-топ бір себетке көкөністерді, ал 2-топ екінші себетке жемістерді, 3-топ жапырақтарды жинайды.

Ойын: «Кім жылдам?» 0 «А» сынып оқушылары

Би: «Топ,топ балақан» 0 «А» топ қыздары мен ұлдары

Жүргізуші: Алтын күз, балалардың өнері ұнады ма?

Күз: Рахмет, балалар, маған мереке қатты ұнады. Ал енді менің орманға баратын уақытым болды

Берекелі бақ-дәулет,

Арта түссін тойланып.

Сау болыңдар балалар,

Келгенше жыл айналып.

Жүргізуші: Осымен, Алтын күз мерекесіне арналған ертеңгілігіміз өз мәресіне жетті. Тамашалағандарыңызға рахмет!

 

Просмотров: 365


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст