Текст
Мақпал ауылының негізгі орта мектебі. 24 мамырда " Білімім- Отаныма" жалпыреспубликалық тәрбие сағаты өткізілді. Мақсаты: балаларды ұстаздарды құрметтеуге, білім ұясына қамқор болуға, білім алуға құштар болуға, жыл бойы алған білімінің нәтижесін қорытындылай білуге тәрбилеу. Тәрбие сағатына барлық 2-9 сынып оқушылары қатысты. Тәрбие сағаты Әнұранымен басталды. Сағат 09.30- да ҚР оқу- ағарту министрінің құттықтау сөзі тыңдалды, бейнеролик қойылды. 9- шы сынып түлектері "Мен. Мектеп. Ұстаз" тақырыбына эссе жазды. Сынып сағаты өте жоғары деңгейде өтті.