Текст
Мақпал ауылының негізгі орта мектебі. 21- ші мамыр күні кеше ғана тұлымдары желбіреп, жүректері лүпілдеп мектеп табалдырығын қуана аттаған ұл- қыздарымыз ойлары толып, бойлары өсіп бастауыш сатысымен қоштасты . Бастауыш сыныбымен, алғаш қолына қалам ұстатқан алғашқы ұстаздарымен қоштаса отырып, орта буында дәріс беретін ұстаздарымен танысты. Әр балаға сәт- сапар тіленді. Өз Отанының адал ұлы мен қызы болуға тәрбиеленді. Қоштасу кеші өте жақсы дәрежеде өтті. Сынып мұғалімі Досымова Гүл Аманалиқызы.