Тілден артық қазына жоқ
Қазақ елінің тарихында биылғы жыл тәуелсіздігіміздің 25 жылдығымен ерекше
орын алады. Тарихымызбен бірге жасап келе жатқан тіліміз біздің мақтанышымыз .
Тіл- сан ғасырлар шежіресі. Тіл барлық асыл қасиеті, табан тірейтін тұғырлы темір қазығымыз. Оны сақтап, болашаққа аманаттау ұрпақ борышы.
Тіл тарихпен бірге өмір сүріп дамиды, себебі әр ұлттың тілі- оның бақыты, тірегі. Бүкіл түркі елдеріне ардақты ағартушы, ғұлама ғалым Ахмет Байтұрсынұлының «Тілі жоғалған жұрттың өзі жоғалады » деген сөзінде үлкен мән жатыр.
Тіл- ұлттық белгі, халықтық мұра, дүниетаным құралы. Халықтың тарихта қалуы тіліне байланысты. Қазақ тілі- дүние жүзіндегі ең бай, беделді де, бейнелі тілдердің бірі.
Қазақ тілі бойға ана сүтімен бірге енеді. Ана тілін ардақтай білуіміз керек, қазақ тілі ананың әлдиінен, отбасындағы
тәлім-тәрбиеден бастау алады. Туған тілімен терең сусындау тәрбиемен астарласады. Тілге құрмет, сүйіспеншілік бала кезден басталады. Мағжан Жұмабаев айтпақшы «Жас бала- жас бір шыбық, жас
күнде қай түрде иіп тастасаң , есейгенде сол иілген күйінде қалмақ. Теріс иіліп
қалған шыбықты түзеймін десең , сындырып аласың » демекші, жас шағынан қазақ тілінің қадір- қасиетін жете түсіну қажет. Мектебімізде тіл мерекесіне байланысты көптеген іс- шараларды үзбей өткіземіз. Сыныптар арасында сайыстар, ашық сабақтар, пікірталас, дебат өткізіледі.
Келешекте ана тіліміз тек биіктерден көрініп , өркендей берсін!
Қазақ тілі, әдебиеті пәні мұғалімі: Хасенова Г.А.