"АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БІРЖАН САЛ АУДАНЫ БОЙЫНША БІЛІМ БӨЛІМІ МАҚПАЛ АУЫЛЫНЫҢ НЕГІЗГІ ОРТА МЕКТЕБІ" КММ
КГУ "ОСНОВНАЯ СРЕДНЯЯ ШКОЛА СЕЛА МАКПАЛ ОТДЕЛА ОБРАЗОВАНИЯ ПО РАЙОНУ БИРЖАН САЛ УПРАВЛЕНИЯ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ"

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Адамның адамшылығы жақсы ұстаздан

04.01.2018

  Халқымыз әрқашан

да ұстаз мәртебесін көтеріп, аса жоғары қастерлеп, бағалаған. «Ұстаздық еткен

жалықпас, үйретуден балаға» , «Адамның адамшылығы жақсы ұстаздан болады» деп

ұлы Абай атамыз  да ұстаздарды жоғары

бағалаған.

   Мақпал негізгі

мектебінде 40 жылға жақын еңбек етіп, бүгінгі күні

/ 25.10.2017ж./ құрметті демалысқа шығайын деп отырған

қадірлі де аяулы ұстазымыз  бізідің

мектепте де бар. Ол: Маймақова Қайыржамал Рахимбекқызы, биыл 25.10.2017 ж.

зейнеттік демалысқа шығады.

  Қайыржамал

Рахимбекқызы Мақпал ауылының тумасы. Білімі орта арнаулы. Щучинск қаласындағы

педагогикалық училещені 1989 жылы бітірген. 1982 жылы ауыл азаматы Маймақов

Байзолла ағамызға тұрмысқа шығып, Бірсуат орта мектебінен Мақпал негізгі

мектебіне жұмысқа ауысқан болатын.  3 баланың

анасы. 1989 жылы Байзолла ағамыз аяқ астынан бақилық болып,  3 баланы  Қайржамал Рахимбекқызы өзі жалғыз тәрбиеледі.

Қолында қарт әкесі болды, Ұлы Отан соғысының ардагері.  Өмірде үйдегі бала тәрбиесімен бірге

мұғалімдік жұмысын бірге ұстанып, өзін жақсы жақтарынан көрсете білді. Қайғыға

да, жоқтыққа да моймады.  2 ер бала, 1

қыз баланы оқытып, жоғары білім әперді. Бүгінгі күні 2 ер баласы үйленіп, 4

немере сүйгізді.

  Қызы Диана

Ш.Уалиханов атындағы мемлекеттік университетте мұғалім болып еңбек етуде. Ұлы

Медет өз жолын қуып мектепте дене шынықтыру пәнінің мұғалімі. Келіні Алмагүл де

мұғалім болып еңбек етеді. Ұлы Еркебұлан Астана қаласында тұрады..

   Бастауыш сынып

оқушыларына тек білім ғана беріп қоймай, оларды халықтық педагогиканың нәрлі

қайнарымен сусындатты, әрбір оқушының бойынна ұлттық мінез-құлық, адамгершілік,

сыпайылық пен кішіпейілділік қасиеттерін қалыптастыруға, баланың жан дүниесін

рухани қазыналармен байытуға, қазақ халқының әдет-ғұрпын , салт- дәстүрін

меңгерте білді. Алдынан 1982 жылдан бері талай түлектер ұшты. Бүгінгі күні ол

шәкірттері жоғары оқу орындарын бітіріп, әр түрлі салада еңбек етуде.

  Қайыржамал

Рахимбекқызы әли де қажымай, талмай еңбек етіп, қадірлі қарт ұстазымыз болды

деген үміттеміз.

Просмотров: 501


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст