"АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БІРЖАН САЛ АУДАНЫ БОЙЫНША БІЛІМ БӨЛІМІ МАҚПАЛ АУЫЛЫНЫҢ НЕГІЗГІ ОРТА МЕКТЕБІ" КММ
КГУ "ОСНОВНАЯ СРЕДНЯЯ ШКОЛА СЕЛА МАКПАЛ ОТДЕЛА ОБРАЗОВАНИЯ ПО РАЙОНУ БИРЖАН САЛ УПРАВЛЕНИЯ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ"

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына орай дайындалған «Өлмейтұғын артында сөз қалдырған» атты әдеби тәрбиелік іс шара.

29.01.2020

Ашық сабақ

Мақсаты: Ұлы ақынның өнегелі өмірімен таныстыру, ақынның даналығын, рухани асыл-мұраларынна сихаттап, өлеңдерін, әндерін мәнерлеп айтқызу. Көркем сөйлеуге, шығармашылық пен жұмыс істеуге көмектесу.

Көрнекіліктер: Абай портреті, эпиграф жазылған плакаттар, кітап көрмесі.

Жүргізуші:

Көп адам дүниеге бой алдырған,

Бой алдырып, аяғын көп шалдырған,

Өлді деуге бола ма, ойлаңдаршы,

Өлмейтұғын артына сөз қалдырған, – деп төрелігін өзі шешкен Абай бүгін жарқын бейнесімен де, жалынды жырымен де бізбен бірге 175 жыл бойы өмір сүріп келеді, мәңгі өмір сүре бермек!

Ол өткен заманның, кешегі түркі дүниесінің соққан тынысы болса да бізге түсінікті, жүрегімізге қонымды Абай – лебі, Абай – үні, ана тынысы – заман тынысы, халық үні. Абайдың жарқын бейнесі, жалынды жыры бізбен бірге мәңгі жасап келеді.

Жүргізуші:

Құрметті әдебиет сүйер қауым! Қазақтың бір туар ұлдарының бірі, данышпан ақын, ойшыл, дана ғұламаларының бірі, қазақ әдебиетінің шоқтығы биік іріт ұлғасы Абай Құнанбайұлының шығармашылығына арналған «Өлмейтұғын артында сөз қалдырған» атты музыкалық іс шара қош келдіңіздер!

Жүрегін шырақ етіп жандырған,

Жырымен жан сусынын қандырған.

Өзіне – өзі орнатып ескерткішті,

Мұрақып, кейінгіге қалдырған.

Ерте оянып, ойланып, ержеткен,

Талабын тас қияға өрлеткен.

Үнін ен әділдіктің лебі ескен –

 

Жүрегімнің түбіне терең бойла,Мен бір жұмбақ адаммын оны да ойла. Соқтықпалы, соқпақсыз жерде өстім, Мыңмен жалғыз алыстым, кінә қойма.

Жүргізуші:

– Әрине, Абай атамыз туралы айта беру артық емес. Бір қарағанда таныс тақырып, таныс бейне секілденгенмен, ол туралы білетініміз тым аз – ау. Ұлылықтың сырына қанық болғымыз келсе, даралықтың қандай болатынын ұғынғымыз келсе, дана Абай әлемін шарлап қайталық, құрметті халайық!

Абайдың өмірі мен шығармашылығына байланысты сұрақтар:

1.Абай алғашқы өлеңдерін қай ақынның атынан жарияланып отырды? ( Көкбай ).

Абай туралы ең алғаш мақала жазған кім? (Әлихан Бөкейханов, 1903жылы Петербургта жазған).

Абайдың шын аты кім?

Абайдың қанша күйі бар? Аттарын ата.(Үш күйі бар: «Тоқжанға», «Май түні», Абайдың желдірмесі»).

Абайдың аяқталмаған поэмасы.(«Әзімәңгімесі».)

Абай Лермонтовтың қанша шығармасын аударған? (Жиырма жеті шығарма аударған).

Абайдың әжесінің және шешесінің аттарын ата.(Зере, Ұлжан.)

«Қазақтың бас ақыны-Абай Құнанбаев» деп атаған кім? (Ахмет Байтұрсынов).

Абай (Ибраһим) Құнанбаев (1845—1904) ақын, ағартушы, жазба қазақ әдебиетінің, қазақ әдеби тілінің негізін қалаушы, философ, композитор, аудармашы, саяси қайраткер, либералды білімді исламға таяна отырып, орыс және еуропа мәдениетімен жақындасу арқылы қазақ мәдениетін жаңартуды көздеген реформатор. Абай ақындық шығармаларында қазақ халқының әлеуметтік, қоғамдық, моральдық мәселелерін арқау еткен.

«Өлең сөздің патшасы, сөз сарасы» айдарын Абайдың табиғат лирикасынан бастайық.

 

Жүргізуші: Ұлы ақын, ағартушы Абай музыкалық саласында да айта қалғандай мұра қалдырды. Өзінің асыл өлеңдерін, қара сөздерін қағазға түсіріп, кейінгі ұрпаққа жазып қалдырса, музыкалық жөнінде оның мұндай мүмкіншілігі болмады. Өйткені, Абай өмір сүрген кезеңде қазақт амузыканың жазба мәдениеті жоқ еді, халықтық музыка ауыз дәстүрлік қалыпта еді. Сондықтан Абай әндері де қазақтың басқа халықтық ән-күйлері сияқты, ауыздан-ауызға, заманнан-заманға ауыса отырып жетті. Музыка саласында жазба мәдениеттің болмауына қарамастан, Абай әндерінің бізге толық жеткен себебі – олардың халықтың жүрегінде сақталуға сапасы сай келетін шығармалар болғандығында, халық санасынан өшпес орыналғандығында. Абай әндерінің өзгешелігі – мелодиялық, ырғақтық жақтарындағы жаңалықтарында, идеялық мазмұнының ашықтығында болды.

Гүлім: «Әсемпаз болма әр неге»

Інжу: «Ғылым таппай мақтанба»

Айзада: «Сабырсыз, арсыз, еріншек»

Зейнеп: «Өлең сөздің патшасы, сөзсарасы»

Ежов: «Не верь разным людям»

Би: Қазақтың ұлттық биі. Орындайтын,6А сынып мың бұралған биші қыздары.

Жүргізуші:

Көп адам дүниеге бой алдырған,

Бой алдырын, аяғын көп шалдырған.

Өлді деуге сия ма айтыңдаршы,

Өлмейтұғын артында сөз қалдырған.

«Абайды таныту арқылы біз Қазақстанды әлемге танытамыз, қазақ халқын танытамыз. Абай әрқашан біздің ұлттық ұранымыз болуы тиіс», – дейді Еліміздің алғаш президенті Н. Ә. Назарбаев.

 

жүргізуші: Абай Құнанбаев қазақ әдебиеті поэзиясындағы шоқтығы биік, дара да, дана тұлға. Абай қазақ поэзиясының өсіп, гүлденіп, жаңа сапаға жетуіне орасан зор еңбек етті. Ақын жас ұрпаққа терең ойға толы алуан өлеңдер үлгісін қалдырды. Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына орай дайындалған «Өлмейтұғын артында сөз қалдырған» атты музықалық іс шараны көріп тамашалағандарыңызға алғысымыз мол. Қатысушыларға үлкен рахмет!

Балалардың орындауында ән: Көзімнің қарасы

"Атадан алтау, анадан төртеу"

Ұлы ақын, ағартушы, философ, композитор, аудармашы, саяси қайраткер, жазба әдебиеті мен қазақ әдеби тілінің негізін салушы, реформатор Абай (Ибраһим) Құнанбайұлы 1845 жылы Шыңғыс тауды жайлаған Тобықты руында дүниеге келді.

Абайдың арғы тегі Орта жүз Тобықты Арғын ішіндегі Олжай батырдан басталады. Олжайдан Айдос, Қайдос пен Жігітек тарайды. Әрқайсысы бір-бір рулы ел болып кеткен. Айдостың Айпара деген әйелінен Ырғызбай,  Көтібақ пен Топай туған. Олардың ішінде Ырғызбай оза шауып, ел басқару ісіне араласқан. Ырғызбайдан Үркер, Мырзатай, Жортар мен Өскенбай тарайды. Өскенбай шаруаға жайлы, билікке әділ кісі болған деседі. Осы Өскенбайдың әйелі Зереден Абайдың әкесі Құнанбай туады.

Құнанбайдың төрт әйелі болған. Бәйбішесі – Күңке, одан бір ұл – Құдайберді. Ал Ұлжан – Құнанбайдың інісі Құттымұхамбетке айттырылған қалыңдық. Інісі қайтыс болғаннан кейін Құнанбай келінін әмеңгерлікпен алған. Ұлжаннан Тәңірберді, Ыбырай (Абай), Ысқақ пен Оспан, үшінші әйелі – Айғыздан Халиолла мен Ысмағұл деген балалары туады. Абайдың "Атадан алтау, анадан төртеу" дейтіні содан. Құнанбайдың қартайған шағында үйленген төртінші әйелі – Нұрғанымнан бала болмаған.

Білімге құштарлық  

Болашақ ақын ел анасы атанған Зере әжесінің таусылмайтын аңыз-ертегілерін естіп, сөзге шебер Ұлжан анасының тәрбиесін көріп өсті. Абай алдымен әкесінің өз туыстарының балаларын окытамын деп, "Ескітам" деген қоныста салдыртқан медреседе сауат ашты. Одан кейін ауылдағы Ғабитхан молдадан білім алды. Ал 10 жасқа толғанда Семейдегі Ахмет Риза медресесінде үш жыл оқыды. Сол жерде араб пен парсы тілдерін меңгеріп шыққан. Абай дін оқуымен ғана шектелмей, білімін өз бетінше жетілдіруге тырысады. Шығыстың Низами, Науаи, Сәғди, Хафиз, Физули сияқты ұлы ғұламалардың шығармаларымен танысады. Орысша сауат ашады.

"Өзі тұстас үлкен-кіші балалардың барлығынан сонағұрлым зейінді, ұғымтал жөне ерекше ықыласты болған. Дәрісте арабша кітапты молдасының бір оқып, бір-ақ рет түрікшеге аударып берген сөздерін кітапқа қарамай жатқа айтып шыға алатындай зерек болады. Сонымен дәріс үстінде оқылатын сабақтарды ұғып білу Абайға өзге балалардан анағұрлым оңай тиген. Көп уақытын алмаған. Сондықтан барлық артылған уақытын Абай өз бетімен өзі сүйген кітаптарын оқуға жұмсап, көп ізденуге салынады", - деп жазды Мұхтар Әуезов.

Жазушының сөзіне қарағанда, Абай бала күнінде жаттаған кейбір өлеңдерін кәрілікке жеткен уақытына шейін ұмытпаған.

Жастай ел басқару ісіне араласты

Құнанбай баласының зеректігін бірден байқап, оған жан-жақты білім беруге тырысады. Ал 13 жасында оны оқудан алып кетіп, ел басқару жұмысына салады. Оған қоса, әкесі ел тартысында жалғыздық сезе бастайды. Басында "барып кел, шауып келмен" жүрген жас Абай аз уақыттың ішінде жуан би, ел тартысының атқа мінері болып шыға келеді.

1885 жылы Шар өзенінің бойындағы Қарамола деген жерде 100-ден астам би-болыстың қатысуымен төтенше съезд өткізілді. Сонда төбе би болып сайланған Абайға "Семей казақтары үшін қылмыстық істерге карсы заң ережесін" әзірлеу тапсырылады. Абай бастаған комиссия барлығы 93-баптан тұратын ережені 3 күнде әзірлеп шығады. Бірақ оның беделін өсірген Қарамола съезінен кейін қарсыластары көбейіп кетеді.

Абайдың кезінде Құнанбаймен алысқан туысқаннан 17 адам Сібірге де айдалады. Бір тартыстың бастықтары олардан жеңіледі. Бірақ сол жеңістің өзі де атадан балаға кететін үзілмес жаулыққа ұласады. Осылайша, Абай әкесі бастаған істі аяқтаймын деп, өзіне талас-тартыстың біраз бәлесін тілеп алады. Оған неше түрлі жала жабылады. Мысалы, 28 жасында бір қыстың ішінде 12 түрлі қылмыс бойынша тексерілген кезі де болды. Бірақ Абай ондай тартысқа әбден ысылып келген. Шешендік өнері де көп көмегін тигізді.

1898 жылы Көшбике деген жердегі Мұқыр болысын сайлауда Оразбай Аққұлы баласы Жігітек, Мырза-Жөкең ру басылары - Әзберген, Бейсенбі, Бұланбай мен Әбендерді ұйымдастырып, Абайдың өміріне қастық жасайды. Бірақ Кәкітай, Уәйіс, Аппас деген жақын достары ара түсіп, оны қорғап қалады. Осыдан соң ақын ел жұмысына араласпайды да бұрынғы араздықпен өзіне қастық істеткен адамдарымен татуласады. Өзі кітап оқуға ден қояды.

Абайдың шығармашылығы

Абай алғашқы өлеңін 10 жасында жазған. Ал ақындық қуатын танытқан үлкен шығармасы – "Қансонарда". Абай өлеңдерінің ішінде мазмұны жағынан да, көркемдік бітімі жағынан да ерекшеленіп тұрған үздік туындылар көп. "Сегіз аяқ", "Қан сонарда бүркітші шығады аңға", "Қалың елім, қазағым, қайран жұртым", "Желсіз түнде жарық ай", "Өлсем, орным қара жер сыз болмай ма?" сияқты өлеңдерінің әрбіреуі тың дүние, шығармашылық жаңалық. 

Александр Пушкиннің "Евгений Онегин" шығармасынан "Татьянаның хатын" және "Ленскийдің сөзін", Михаил Лермонтовтың "Ой", "Жолға шықтым бір жым-жырт түнде жалғыз", "Қанжар", "Теректің сыйы" және тағы басқа өлеңдерін казақ тілінде сөйлетті.

Абай мысал өлеңдерін шебер жаза білді. Ақын осы жанр арқылы қазақ халқының сол кездегі өмірін, адамдардың мінезі мен іс-әрекетін дәл көрсетіп, сатиралық бейнелермен көркем жеткізді. Абай поэма жанрын да меңгерген. Оған "Масғұт", "Ескендір", "Әзім" сияқты шығармалар дәлел.

Батыстың өркениеті мен философиясы, ғылымы мен мәдениеті Абайдың рухани жағынан өсуіне айтарлықтай әсер етті. Ол Батыс пен Шығыс мәдениеттерін шебер ұштастыра білді. Абайдың негізгі зерттеу объектісі – адам.

Абайдың іргелі еңбектерінің бірі әрі бірегейі – қара сөздер. Осы сөздердің бірнешеуі алғаш рет 1918 жылы Семейде шыққан "Абай" журналында жарық көрді. Артынан Абайдың қара сөздері орыс, қытай, француз және тағы басқа әлемнің көптеген тіліне аударылды.

Абайдың философиясы

Ұлы Абайды өмір, қоршаған дүние, табиғат, болмыс сыры, олардың заңдылықтары көп ойландырған. Ол дүние сырына бойлап, өзін мазалаған сауалдарға жауап табуға тырысты. Мен осы кіммін? Жан иелері өмірінің түпкі мәні неде? Барлық адам баласы, жан-жануарлар да тамақтанады, ұйықтайды, қорғанады, артына ұрпақ қалдырады. Сонда адам баласының басқа жан иелерінен айырмашылығы неде? Ол өзінің пәлсапалық шығармаларында адам баласының өмір сүру мақсатын, сол мұратына жету жолын, әлемдегі болмыстың мәні мен өзіндік ішкі байланысын, жалпы заңдылықтарын ашып көрсетеді.

"Адам өмірінің мақсаты – кемелдену мен жетілу", - дейді Абай.

Мысалы, спортпен шұғылданып өзіміздің денемізді, күш-қуатымызды жетілдірсек, ал ғылым-білім, өнерге үйрену арқылы ой-өрісімізді жетілдіреміз. Абай осыларды айта отырып, бұлардан гөрі маңыздырақ жетілу барын, ол – рухани жетілу, яғни жанды жетілдіру деп көрсетеді.

Абайдың айтуынша, жан жүректе орын тепкен. Жан адамның тыныс-тіршілігін, іс-әрекетін жүрек арқылы басқарады. Егер жан жетілмеген болса, онда адамның іс-әрекетінде де кемшілік болады. Ішкі дүниесі тазарып, жетілген адам ғана қателікке ұрынбай, өмірде жаңсақ баспай, дұрыс өмір сүре алады. Адам баласының бақыты оның жүрегінің тазалығымен тығыз байланысты деп үйретеді.

 

Отбасы – ошақ қасы

Абай үш әйел алған. Бәйбішесі Ділдәдан – Ақылбай, Әбдірахман, Күлбадан, Әкімбай, Мағауия мен Райхан, екінші өйелі Әйгерімнен - Тұрағұл, Мекайыл, Ізкайіл мен Кенже, барлығы 7 ұл, 3 қыз сүйген. Ал келіндей алған әйелі Еркежаннан ұрпақ көрген жоқ.

Абай ғылым іздеуді өз басына ғана алмай, балаларын да барынша оқытуға тырысқан. Ең көп оқыған офицер баласы – Әбдірахман. 90-шы жылдары ол құрт ауруынан қайтыс болды. Оның артынан сүйеніші болып жүрген мықты інісі Оспан өледі. Осы екі өлім Абайға бас қайғысының ішіндегі үлкен қаза болып тиеді.

Сол жылдары бас қайғысымен қатар Абай өзінің дос деген адамдарының қиянатын, алдауын, өтірігін де көреді. Бір сайлауда өзінің інісін болыстыққа  сайлаймын деп келгенде бұрын ешбір сыр бермейтін достары бір-ақ түнде жат болып шыға келеді. Оның інісін құлатып, өз кісілерін сайлап кетеді. Онымен қоймай, Тобықты ішінде бұрыннан онымен сілкісіп келген басшы жауы Оразбай бір сайлауда Абайды  өз кісілеріне сабатып та алады. Осы іспетті соққылармен күресіп келе жатқанда ең жақсы көрген баласы Мағауия өледі.

Абай ешкіммен сөйлеспей, үндемей қалады. Ал 1904 жылы 23 маусымда Мағауияның өлімінен кейін тура 40 күн өткен соң өзі де қайтыс болады. Бір жарым айдан кейін Абайдың ақын баласы Ақылбай Семейде дүние салады.

 

Абайды шетелде танытқандар

Қытайда Абайдың шығармаларын танытуға Ха Хуан Жан (Хабай) көп еңбек етті. Ол Шыңжан өлкесінің Шәуешек қаласына жақын Қазақтар ауылында туған. Қытай тіліндегі мектептерде оқыса да, қазақ тілін жетік меңгерген. Абайды бала күнінен жаттап өскен екен.

1950 жылы Абайдың "Ескендір" поэмасын, ал 1958 жылы "Масғұт" поэмасын ханзу тіліне аударып, Пекинде арнайы кітап етіп бастырып шығарған. Жалпы, Хабай Абайдың 167 өлеңін, 3 поэмасын, 45 ғақлия сөзін түгел аударған. "Абай және Абай шығармалары" деген үш кітабын да Пекинде бастырған.

Абайдың өлеңдері басқа тілдерге аударылды. Мәселен, Грузин тілінде - Ш.Мчедлишвили, қарақалпақ тілінде - Ш.Сеитова, қырғыз тілінде - А.Токомбаева, татар тілінде - М.Максуд және Н.Арсланов, француз тілінде - Ғалымжан Мұқанов, ағылшын тілінде - А.Самохмалов, түрікмен тілінде - А.Хайидова, Т.Қасымова, П.Искакова және М.Хамраева Абайды ұйғыр тілінде сөйлеткен.

Абайдың 175 жылдығы тойланады

Жақында Қазақстанның президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойын мерекелеу туралы жарлыққа қол қойған болатын. Аталған құжатқа сәйкес, келесі жылы қазақ халқының ұлы ақыны, ағартушысы Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойы тойланады. Осыған орай, биыл 1 шілдеге дейін мемлекеттік комиссия құрылады. Ал 1 қазанға дейін мерейтойды дайындау және өткізуге арналған  жалпыреспубликалық жоспар бекітілуі шарт.

Бұдан бөлек, "Жидебай-Бөрілі" мемлекеттік қорық-музейінде жаңғырту жұмыстары жүргізіледі.

Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойы ЮНЕСКО мен ТҮРКСОЙ аясында атап өту жоспарланған.

Просмотров: 747


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст