"АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БІРЖАН САЛ АУДАНЫ БОЙЫНША БІЛІМ БӨЛІМІ МАҚПАЛ АУЫЛЫНЫҢ НЕГІЗГІ ОРТА МЕКТЕБІ" КММ
КГУ "ОСНОВНАЯ СРЕДНЯЯ ШКОЛА СЕЛА МАКПАЛ ОТДЕЛА ОБРАЗОВАНИЯ ПО РАЙОНУ БИРЖАН САЛ УПРАВЛЕНИЯ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ"

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Елімнің бақытын тербеткен Тәуелсіздік!»

20.12.2021

Сабақтың тақырыбы

«Елімнің бақытын тербеткен Тәуелсіздік!»

Сілтеме

Бастауыш сынып журналы. Өзін –өзі тану кітаптары

Слайд ; Интернет желісі;.google.kz.

Жалпы мақсаттар

Оқушыларға Қазақстан туралы,оның Тәуелсіздігі туралы мәлімет беру,Тәуелсіздікке қалай жеткенін баяндау,көрсету;оқушыларды өз елін сүюге,қадірлеуге,осы елдің ұланы екенін мақтан етуге баулу,өз ана тілін сүйюге,әдемі сөйлеуге үйрету.

Міндеттері

  • Тәуелсіздік мағынасын ұғындыру;
  • өзара сыйластық қарым қатынастарын дамыту;
  • Патриоттыққа тәрбиелеу;

Оқыту нәтижесі

  • Тәуелсіздік мағынасын ұғынды;
  • өзара сыйластық қарым қатынастары дамыды;

 

Сабақ барысы

Уақыты

Мұғалімнің іс - әрекеті

Оқушы

 іс - әрекеті

2 мин

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1мин

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

5мин

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

5 мин

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2 мин

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1 мин

 

 

 

Психологиялық дайындық

Бір-бірлеріне жақсы тілектер айту арқылы, сәттілік тілеу

 

                             «Ту» , «Елтаңба» арқылы  топқа бөлу

 

«Ақ тілек. Әсем күлкі».
- Көңіл – күйлеріңіз қалай?
- Керемет! (Қолдарын көтереді)
- Сабаққа дайындықтарыңыз қалай?
- Тамаша! ( Алақандарын шапалақтайды)
- Ынталарыңыз ше?
- Ғажап! (Қолдарын көтереді).
- Ендеше бастайық!

Бүгінгі көңіл-күйлеріңізді бет әлпеттеріңіз арқылы көрсетіңіздерші.

Ой қозғау

  1. ҚР қандай мемлкет?
  2. Мемлкеттік рәміздерге нелер жатады?
  3. Елтаңбада нелер бейнеленген?
  4. Туда ше?
  5. Тәуелсіздікке биыл неше толды деп ойлайсыздар?
  6. Күні кеше қандай мерекені тойладық?
  7. Елбасымыз кім?

Формативті бағалау

«қол шапалақтау»

 

Ашық микрофон

Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев туралы  өз ойларын ату

 

«Қызығушылық ояту»

                                               Бейнеролик

(суреттер  көрсету, бейнеролик  арқылы жаңа сабақтың тақырыбын ашу)

                    

 

Айқындық сұрақтар

  • Бұл бейнероликтен көріп, өздеріңізге не түйіп отырсыздар?
  • Тәуелсіздік  дегенді қалай түсінесіздер?
  • Желтоқсан құрбандарынан кімдерді білесіздер?

(Қайрат Рысқұлбеков, Ләззат Асанова, Сыпатаев Ербол Мұқажанұлы ,  Сабира Есімбекқызы)

Мұғалім сөзі: Дұрыс айтасыздар!

Тәуелсіздік-қасиетің,құнарың,

 Тәуелсіздік-жарқыраған шынарың

Тәуелсіздік-бар бақыттың бастауы

Тәуелсіздік-ұлтың менен ұраның

дей келе , бүгінгі сынып  сағатымыздың тақырыбы

   «Елімнің бақытын тербеткен Тәуелсіздік!»  бүгінгі тәуелсіздікке халқымыз оңайлықпен жеткен жоқ. Бес жыл өтсе де,бес ғасыр өтсе де ұмытылмайтын оқиғалар болады.Соның бірі әйгілі желтоқсан оқиғасы.

   1986 жылы желтоқсанда отты оқиға болды.Елдің егемендігін аңсаған жастар алаңға щықты. Желтоқсан желі дауылға айналды.1986 жыл 16 желтоқсан жергілікті уақыт сағат 1000 шамасында Қазақстанның жаңа тарихының бастауымен болашағының жолайырығы болған Республиканың Орталық Комитетінің 5-пленумі өтті.Осы пленумда Дінмұхаммед Қонаевтің орнына, көріп білмеген Колбинді бір ауыздан сайлады.  17-желтоқсан жергілікті уақыт шамамен 7-8 шамасында Брежнев атындағы алаңға жастардың алғашқы тобы шоғырлана бастады.Барлығы 200-300 адамдай,қолдарында айқара көтерген ұрандары бар «Ұлт саясатының Лениндік принциптерін сыйлауды талап етеміз!», «Әр Республикаға-өзінің басшысы!», «Қазақстан Жасасын!»деген сияқты  қазақ-орыс тілдеріндегі жазбаларын ұстап,өткінші жұрттың назарын еріксіз аударғандай еді. 

Формативті бағалау

«қол шапалақтау»

Постермен жұмыс

1 топ «Отан» дегенді қалай түсінесіздер?

2 топ «Патриот» болу үшін қандай жақсы қасиеттерді игеруіміз керек ?

 

                                             «Басбармақ арқылы бағалау»

«Тәуелсіз елім»

Оқушылар Отан, тәуелсіздік туралы өлеңдерін айту.

Мұғалім сөзі: Президиумның шешімімен 1988 жылдың 28 сәуіріндегі Жарлығымен Қайрат Рысқұлбековке кешірім жасалып, 20 жыл бас бостандығынан айырумен ауыстырды. Алайда бұл хабар Қайратты қуанта алған жоқ. Араға жылдар салып тарих қойнауына кіріп бара жатқан желтоқсан оқиғасы, ондағы  халқымызға жағылған қара күйе «ұлтшыл», «нашақор» деген атақтар халқымыздың біртуар қалаулы ұлы Мұхтар Шахановтың басшылығымен қайта қаралып, 1991 жылғы 12 желтоқсанда оқиғаға қатысқаны үшін жауапкершілікке тартылған азаматтарды ақтау туралы Республика Президентінің жарлығы шықты.

1991 жылы 16 желтоқсан 18 сағат 14 минутта біздің еліміздің тәуелсіздігін жария еткен ұлы заң қабылданды. Біз бақыттың есігін аштық!

«Қол шапалақтау» арқылы бағалау

 

Сергіту сәті

Сөз құрастыр...

Мақсаты: Берілген сөздерден сөздер құрастыру

1 топ Тәуелсіздік

2 топ Қазақстан

 «Артық болмас білгенің»

Мұғалім сөзі: Келесі кезекті 4 - сынып оқушысы Байзолла Нұрымға берейік

 

«Жылдар сөйлейді»

1.      1991ж.  16-желтоқсанда  Қазақстан Республикасы өзінің тәуелсіздігін алды.

2.      1992ж. Қазақстан Біріккен  Ұлттар Ұйымына  мүше болып кірді.

3.      1993ж. 15-қарашада –Ұлттық  Валюта  теңгенің  енгізілуі.

4.      1995ж. 30-тамызда  Жаңа  конституция  қабылданды.

5.      1997ж. 10-қазанда «Қазақстан-2030». Ел Президентінің

Қазақстан  халқына  Жолдауынығ  жарыққа шығуы.

6.      1998ж. Халықтар тұтастығы  мен  ұлттық  тарих жылы.

7.      1999ж.  Ұлттық тұрғындар  санағы.

8.      2000ж. Мәдениет  жылы.

9.      2002ж. Денсаулық жылы.

10.2003ж. Ауылды дамыту жылы.

11.2004ж. Парламент  мәжілісінің  кезекті саййлауы.

12. 2005ж.  4-желтоқсанда  Бүкіл халықтық Қазақстан  Республикасының  Президентін сайлауы.

13. 2006ж. «Қазақ елі» монументінің  ашылуы.

14. 2007ж. Қазақстанның 2010жылға Еуропа Қауымдастығы мен  Ынтымақтастық  Ұйымына  төрағалық  етуі туралы шешім қабылданды.

15. 2008ж. Астананың 10 жылдық мерейтойы.

16.  2009ж.  25-ақпанда ҚР. Халықтық санақ жүргізілді.

17.  2011ж. Қаңтар –ақпан айларында  ҚР.  Халықаралық Азияда  ойындары өтті.

18.  2012ж. 1-желтоқсан  алғаш Президент күні болып  жарияланды.

19. 2013 жыл - «Нұр Отан» партиясының маңызды саяси оқиға деп бағалауға болатын       жаңа саяси  доктринасы қабылданды.

20.  2014 жыл - Астана күні қарсаңында елордада жаңадан салынған Ұлттық музей ашылды.

21. 2015 жыл - Қазақ мемлекеттілігінің 550 жылдығы атап өтілінді.

22. 2016 жыл -Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдық мерейтойы атап             өтілді.

23. 2017 жыл - Елорданың төрінде дүние жүзіне 160 жылдық тарихымен танымал болған  халықаралық ЭКСПО көрмесі өтті.

 

«Тамаша , керемет, жарайсың» сөздері арқылы бағалау

 

 Мұғалім сөзі: Бүгінгі  таңның шапағатын, елдің көңіліне күн орнатқан аға –апайларымыз Қайрат, Ляззат, Сабира , Ербол секілді ержүрек жандардың арқасында тәуелсіз ел болып отырмыз. Олай болса тәуелсіздікке өз өлеңдерін шығару.

Формативті бағалау

«қол шапалақтау»

Өлеңдер оқылады

1. Есігі ашық төрі кең,

   Жылап өттік өткен өмір өрінен.

   Жетер енді желпінейік, қарайық.

   Мына өмірге егемендік көзімен.

 

2. Қуаныштан қалай кеуде көрмесін

    Бұл күнімді бір ғасырға бермесін.

    Ақ түйенің қарны міне, жарылды.

    Тәуелсізбін, егеменмін, дербеспін.

 

 

3. Кім мақтасын, армансыз құр жатқанды.

Көп аңсадық, армандадық ақ таңды.

Киелі ғой, тәуелсіздік, дербестік,

Егеменді елімізге мақтандық. (хормен)

Т – тұғыры биік

Ә – әділеттілік

У - уайымсыздық

Е – егемендік

Л - лайықтылық

С - сыйластық

І - ізеттілік

З - зиялылық

Д- достық

І - ізгілік

К-кеңпейілділі

Хормен  Қазақстан Туымен тұғырлы,

        Елтаңбасы мен Еңселі.

 

Қорытынды: -"Ел тәуелсіздігі, ұлт мұраты, ұрпақ болашағы сияқты ұлы құндылықтар ғана мәңгі. Рухы биік, еңбегі ерен, бірлігі мығым Мәңгілік Ел болу үшін бізде бәрі бар. Тәуелсіздіктің туын желбіретіп, тұғырын нығайтқан біздің тарих алдында жүзіміз жарқын!

Еліміз көп ұлтты, бұл біздің тағы бір артықшылығымыз, себебі біз – біртұтаспыз, бізді Отанымыз, достық, құрмет, өзара көмек, сүйіспеншілік біріктіреді.Біздің тірегіміз – тәуелсіздік, тілегіміз – тұрақтылық, білегіміз – бірлік! ... Көк байрағымыздағы алтын қырандай еліміз қанатын кеңге жайып, асқар биіктерден көрінсін!  Барды бағалап, жоқты жасай білген жасампаз жұртымыздың көк байрағы әрдайым биікте желбіресін

        Егемендіктің арқасында дүние жүзіне танымал ел болдық. Әнұранымыз, Туымыз бен Елтаңбамыз, қазақ тіліміз, төл теңгеміз бар. Егемендік үшін қан төккен аға - апаларымыздың ерлігін мәңгі еске сақтайық.

 

 

 

 

Тойланып мың мереке,ұлыс күні

Құйылған шаңырақтың ырыс нұры

Халқымның бақыты үшін аз байлық па?

Тәуелсіз еліміздің тыныштығы

 

 

 

Кері байланыс

Өте жақсы, жақсы , орташа смайликтерінің суреттері ілінеді.

(Оқушылар бүгінгі сабақтан алған әсерлерін стикерге жазып, үш смайликтің біріне іледі.)

 

 

Мұғаліммен сәлемдесу

 

Оқушылар ту елтаңба бойынша топқа бөлініп, өз үстелдеріне жайғасады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сұраққа жауап беру

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Оқушыларға сурет бойынша өз ойларын айтады.

 

 

 

 

 

 

 

 

Сұраққа жауап бере отырып жаңа сабақтың тақырыбын ашады

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Топ оқушылары өз ойларын ак плакатка жазып , жабыстыру

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Тақпақтарын айту

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Плакаттар

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Жылдар ішіне саяхат жасау

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Стикер тарату

 

 

 

 

/public/files/2021/12/20/201221_105338_elmn-bayty-terbetken-tuelszdk.pdf

Просмотров: 451


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст