Тақырыбы: «Қазақстан – біздің сүйікті, ортақ Отанымыз»
Мақсаты: Оқушыларға 1 - мамыр Достық, Ынтымақ мерекесінің маңызын түсіндіру, оқушыларды достыққа, татулыққа, ұлтжандылыққа тәрбиелеу, Отанымызды сүюге баулу.
Барысы
Мұғалім:
1 - мамыр Достық мерекесіне арналған «Қазақстан – біздің сүйікті, ортақ Отанымыз»
Құрметті ұстаздар! Жүздерімізге шуақ, бойымызға қуат әкелген 1 - мамыр Қазақстан Халықтарының ынтымағы мен бірлігі күні құтты болсын!
Ән: «Әрқашан күн сөнбесін»
Ауылым туған, гүл тергем сенен алғашқы,
Көгілдір аспан, көк жиек, орман - шарбақты.
Көзіме алғаш кезіккен қайда бозторғай,
Көкегім қайда жамылған жолақ шарқатты,
Сыңғырлы Жайық, сыбдырлы тоғай, гүлді қыр,
Өздерің болып санама бала тұнды жыр.
Көгімнен құлап, көңілімді жатты жылытып,
Көзімнен ойнап, күміске бояп күлкі нұр.
Испан биі
Жанеля:
Бірінші мамыр!
Достықтың ұлы мейрамы
Тоғысар сенде жандардың ізгі ойлары
Татулық пенен бірлікке ынтымақ, адамзат,
Өзіңді сәнмен қошемет етіп тойлайды!
Нұрсая: Қазақстан бүгінде ұлттар мен ұлыстар мекендеген достық пен туысқандықтың, ынтымақ пен ырыстың ордасына айналды. Елбасы Н. Ә. Назарбаев халықтар достығы бірлік пен татулық орныққан елдің жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан болуы керектігін ұлы міндет етіп қойды. Қазақстан халықтары осынау ұлы көштің басында қол ұстасып бірге жүрмек.
Гүлсезім: Назданып бүгін өмір нұрлы күні,
Қыр беттің қызғалдаққа тұнды гүлі.
Мамыр боп, айбары асып асқақтайды,
Еңбек, Бақыт, Береке, Бірлік күні
Әліби: Қаһарман, қас батырға дабылы сай,
Арманға жетелейтін ағыны бай.
Мен сені қуанышпен қарсы аламын,
Ажарың ақ - шуақты мамырым - ай.
Диана: Ынтымақ, бірлік, достық, татулық
Бабалардан қалған дәстүр айтулы
Түгелденіп төртеуіміз төрде тұр
Тәуелсіздік туы мәңгі тұғырлы
Нұрхан:
Күте тұғын асыға әр күнін біз,
Арналатын ең тәтті ән жырымыз
Мерекелі мерейлі айдың басы
Құтты болсын Бірінші Мамырымыз!
Нұрсая: Қазақстан Республикасының Президентінің жолдауы еліміз үшін де, әрбір тұрғын үшін де асыға күтер оқиғаға айналды. Жолдаудың әр жолында көңіліңді көтеретін жылы шуақ, елдің ертеңгі көрінісін көз алдыңа келтіретін нұрлы қуат бар. Жаңа Қазақстанның көркейіп нұрлануына бірлесе үлес қосайық, ағайын.
Жанеля: Қазақстан Республикасын мекен еткен 130 дан астам ұлт өкілі күні бүгінге дейін ынтымақтастыққа, бір үйдің баласындай тату - тәтті жарасымды тіршілік кешіп келеді. Жүзі басқа болғаны мен жүрегі бір, тілі басқа болғанымен тілегі бір, мақсат - мүддесі ортақ, бірлігі мықты, достығы берік ұлттар қазақ елінің салт - дәстүріне, ұлттық құндылықтарына құрметпен қарайды, сондай - ақ қазақ халқының қарапайымдылығы, қонақжайлылығы, бауырмалдығы үшін ерекше бағалайды, бастысы - өздері қоныс тепкен Қазақстан жерінің барлық ұланымен ауыз бірлікте, туыс болуды көздейді.
Құралай:
Тілі басқа тілегі бір біргеміз,
Өздеріңмен жүздесеміз күнде біз.
Мақсат ортақ, бейбітшілік ұран боп
Татулықтан бұзылмасын іргеміз.
Гүлсезім:
Мен оның түнін сүйем, күнін сүйем,
Ағынды өзен, асқар тау, гүлін сүйем,
Мен оның қасиетті тілім сүйем,
Мен оның құдіретті үнін сүйем.
Құралай:
Бар жәндігін сүйемін қыбырлаған,
Бәрі маған: «Отан!»- деп сыбырлаған
Жаным менің, Кеудемді жарып шық та,
Бозторғайы бол да оның шырылдаған.
Жанеля:
Бұл күні қырқаларға гүл тұнады,
Бар әлем бір - ақ сәтте құлпырады.
Әлемге дос құшағын жая келген,
Армысың, бар халқымның ынтымағы!
Бармысың, қазағымның ынтымағы!
Нұрсая:
Әйнегі күн, шатыры аспан,
Кең дала, төсі толқыған ән.
Көлдері көкке күмістер шашқан,
Қазақстан - Республикам менің!
Нұрхан:
Ынтымағы жарасқан береке күн,
Білдіреді болашақ ел ертеңін.
Татулық пен достығың арта берсін.
Құтты болсын бүгінгі мереке күн.
Жанеля:
Күні кеше ғана Елбасы жолдауынан қуат алып жігерленген жұртшылық бірлік пен тірлік, бейбітшілік, достық салтанат құрғанда дана бақыт пен шаттық, ынтымақтастық орнаған да ғана болашағымыз баянды болатынына кәміл сенеді.
«Қазақта бірлік болмай, тірлік болмайды»- деген ұлағатты ұғым бар. Ендеше елімізде бейбіт өмір сүріп жатқан ұлттармен ұлыстар өкілдерінің татулығы артып, Қазақ елінің нығайып, өркендеуіне өз үлесімізді қоса берейік.
Нұрсая: «Бір кісі бармақтай құсты ұстап алып торға қамап қояды. Тұтқын құс күні - түні дамыл көрмей «Отан», Отан, Отан....» деп шырылдай береді. Құстың иесі: «Мұның да Отаны болғаны ма, ал Отаны болса қайда екен?» құсты ұшырып жіберейін де, ұшқан жағына қарап, ғажайып елге апаратын жолды біліп алайын» деп ойлайды. Сөйтіп торды ашып, құсты босатып жібереді. Құс ұшып шығып бар болғаны 10 қадам жердегі тастақты тақырдың арасында өскен жалғыз түп тікенге барып қонады. Сөйтсе, әлгі бұтада ұясы бар екен «Демек құстың Отаны - ұя салған жері болды ғой» деп ойлайды жаңағы адам. Шынында да адам түгілі құстарда ұя салып, мекендеген жеріне бауыр басып кетеді екен!
Туған жердей жат елдің болмайтыны ақиқат
Оған көңіл толмайтыны ақиқат.
Алтын торда алтын құс өсірсең де, бұлбұл құс
Өскен бағы болмаса, қонбайтыны ақиқат!
Құралай:
Қазақ жері достықтың гүлстаны
Дархан өлкем мерейлі ырыс бағы
Күрестерде еңбекте, мерекеде
Мұнда сан ұлт қолдасып ту ұстады.
Туған елім, шарықтай бер кемелден!- дей келе, бүгінгі «Қазақстан – біздің сүйікті, ортақ Отанымыз» атты ашық тәрбие сағатымызды аяқтаймыз. Келгендеріңізге көп - көп рахмет!