"АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БІРЖАН САЛ АУДАНЫ БОЙЫНША БІЛІМ БӨЛІМІ МАҚПАЛ АУЫЛЫНЫҢ НЕГІЗГІ ОРТА МЕКТЕБІ" КММ
КГУ "ОСНОВНАЯ СРЕДНЯЯ ШКОЛА СЕЛА МАКПАЛ ОТДЕЛА ОБРАЗОВАНИЯ ПО РАЙОНУ БИРЖАН САЛ УПРАВЛЕНИЯ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ"

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Жаңа инновациялық әдістерді сабақта қолданудың тиімділігі»

18.02.2021

Жоспар:

  1. Кіріспе.
  2. Негізгі бөлім.

1. Менің педогагикалық ұстанымым.

2. Сабақтарымда қолданылатын әдіс- тәсілдер.

  1. Қорытынды.
    1. Оқушы үшін тиімділігі.
    2. Мұғалім үшін тиімділігі.

 

 

  Білім беру жүйесінің басты міндеті – ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар негізінде жеке адамды қалыптастыруға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау, оқытудың жаңа технологиясын енгізу,білім беруді ақпараттандыру, халықаралық, ғаламдық коммуникациялық желілерге шығу...

Н.Ә.Назарбаев

 

         Білім жолы – қиын да қастерлі жол. Бұл жолда талмай тынымсыз еңбектеніп, шығармашылық ізденуден, үйренуден жалықпайтын жандар ғана табысқа жете алады.

         Мектепте бұрын оқушы материалды меңгеріп есіне ұстаса, сабақ жақсы өтті дейтінбіз. Ал бүгінгі мектептің алдында тұрған мақсат - олардың алған білімдерін іс жүзінде қолдана білуге үйрету, дағдыландыру керек. Әр оқушы оқу құралдарымен, анықтама кестелермен, қосымша әдебиеттермен өз бетінше жұмыс істей білуі керек. Бұл оқушылардың белсенді іс әрекетімен байланысты. Оқушылар жұмыстың барысын жоспарлауы, өздігінен ізденуі , қорытындысын білуі керек.

         Президент жолдауында: «Ұлттың бәсекеге қабілеттілігі бірінші кезекте білім деңгейімен айқындалады»- деген байламы жеке адамның құндылығын арттыру, оны дайындайтын ұстаз жауапкершілігінің өсуі, тынымсыз еңбек, сапалы нәтиже деген ұғыммен егіз. Қазіргі мектеп жағдайындағы білім берудің ұлттық моделіне өту оқыту мен тәрбиелеудің соңғы әдіс- тәсілдерін, жаңа инновациялық педагогикалық технологияны игерген, психологиялық-педагогикалық диагностиканы қабылдай алатын, нақты тәжірибелік іс-әрекет үстінде өзіндік даңғыл жол салуға икемді, шығармашыл педагог- зерттеуші, ойшыл мұғалім болуын қажет етеді. Мемлекеттік білім стандарты деңгейінде оқыту үрдісін ұйымдастыру жаңа педагогикалық технологияны ендіруді міндеттейді. Сондықтан оқу-тәрбие үрдісінде жаңа инновациялық әдіс- тәсілдерді енгізу оқушылардың білімге деген қызығушылығын, талпынысын арттырып, өз бетімен ізденуге, шығармашылық еңбек етуге жол салу. Бастауыш сынып оқушыларын оқытуда негізінен дамыта оқыту технологиясы басшылыққа алынады. Себебі қазіргі оқулықтар дамыта оқыту технологиясы негізінде жазылған. Сондықтан әрбір бастауыш сынып мұғалімі «Сыни тұрғыдан ойлау» технологиясындағы сабақтың құрылымын, әдіснамалық негіздерін толық меңгеріп, өз іс - тәжірибесінде шығармашылықпен қолдана білуі тиіс.

     Тәжірибемде өзімнің сабақ өткізу бағытымда сабақтың сапасын, мазмұнын, әдістерін жаңа деңгейге мүмкіндігімше көтеруге тырысамын. Әр сабақта жүйелі ойлау, ойын тиянақты, әсерлі өткізу, оқушылардың шығармашылық ізденістерін арттыруға ықпал жасаймын. Оқушыларды пәндік білім, білік, дағдылардың белгілі жиынтығын меңгертуге ғана бағыттамай, олардың жеке басының дамуына, талдау, синтездеу, логикалық ойлау, ізденімпаздық, шығармашылықпен жұмыс істеуге, алған білімін күнделікті өмірде қолдана білуге үйрету мақсатын көздеймін.

Сапалы білім негізі – жан-жақты ақпараттық материал­дар­ды, көрнекі құралдар мен ұтым­ды технологияларды, тиімді әдіс-тәсілдерді пайдалана отырып, білім алушыға кітаптан таба ал­майтын білім беру. Өйткені, тек оқулықтағы білімді жеткізуші мұ­ғалімнің құны жоқ деп ой­лай­мын. Оқулықтағыны оқушы өзі де оқып алады.Сондықтан бүгін білім бе­ру­дің сапалы болуы үшін: біріншіден, ұстаздың жан-жақты ака­демиялық білімінің бо­луы, екіншіден, мұғалімнің өз ма­ман­ды­ғы­на деген шынайы сүй­іс­пенші­лігінің және ешқан­дай дипломмен бірге берілмейтін шығар­машылық қабілеті, балаға деген кіршіксіз адамгершілік қа­сиет­тері болуы шарт.

     Әдістемені дұрыс таңдауы мұғалімнің шеберлігімен байланысты. Меніңше,  оқушының шығармашылықпен айналысуға талпынысы, өзіндік пікір айтуы келесі әдістемелер арқылы жетіледі.

  «Мұғалім әдісті көп білуге тырысу керек, оларды өзіне сүйеніш қолғабыс нәрсе есебінде қолдану керек», - деген Ахмет Байтұрсынұлы. Соңғы жылдары көптеген жаңашыл әдістемелермен танысып, талдап, өзіме қолайлысын, оқушыларға тиімдісін алып қолданудамын. Бастауыш сыныптардағы тиімді технологиялар : «Түсіндіре оза оқу» , «Дамыта оқыту», «Ақпаратты оқыту» , « Тірек сигналы арқылы оқыту» ,« Көрнекілік технологиясы» ,«Зерттеу технологиясы» , « Сын тұрғысынан ойлау».

Менің педагогикалық ұстанымым : «Сабақ беру – үйреншікті жай ғана шеберлік емес, ол жаңадан жаңаны табатын өнер», - деген М.Шахановтың сөздерін әркез жадымда ұстаймын.Осы ұстанымыма сай келетін «Жаңа инновациялық әдістерді сабақта қолданудың тиімділігі»

соның ішінде Л. Джинна Стил, С. Куртик Мередит, Чарльз, Тэмплдің сын тұрғысынан ойлау технологиясының элементтерін өз сабағымда қолданғандағы негізгі ұстанатын мақсатым – білім берудің жаңа үлгісін жасап белгілі бір көлемдегі білім мен білік дағдыларын меңгерту үшін оқу мен тәрбие үрдісін ұйымдастырудың сан түрлі жаңа әдіс тәсілдерін іздестіре отырып, жаңа технологияларды сабақта тиімді пайдалана білуім қажет.Оқытудың бұл түрінде оқушыларға білімді дайын күйінде бермей, оларды ойландырып, іздендіру арқылы меңгертуге ұмтылу ұсынылады.

Оқыту мен үйретудің моделі:қызығушылықты ояту, мағынаны тану, ой толғаныс -бұл сабақтағы аса қажетті мәнді, маңызды әрекет болып табылады. Осы сабақ кезінде үйренуші не үйренгенін саралап, салмақтап, оны қандай

жағдайда, қалай қолдану керектігін ой елегінен өткізеді.Белсенді түрде өзінің білім үйрену жолына қайта қарап, өзгерістер енгізеді.

Сыни тұрғыдан ойлаудың мақсаты - барлық жастағы, соның ішінде бастауыш сынып оқушыларының кез-келген мазмұн түсінікке сыни тұрғыдан қарап, екі ұйғарым бір пікірдің біреуін таңдауға , сапалы шешім қабылдауға сабақтарда үйрету. Жұмыс тәжірибемде жаңа мультимедиялық программалармен және қазіргі таңдағы интерактивті тақталар мен жұмыс жүргізуді меңгеру бағытында сабақ процесінде ақпараттандыру, компьютерді пайдаланып, жұмыстар жүргізудемін.

Мектептегі интерактивті тақта, мультимедиялық кабинеттерде белгіленген кестеге сай ашық сабақ, тәрбие сағаттарын оқушыларымды машықтандыру мақсатында жүйелі түрде пайдаланып отырамын.

Бұл технологияны қолданудағы мақсат:

1. Сабақта білім, білік дағды қалыптастыру

2. Баланың тереңде жатқан ойын дамытып, оларды сөйлеуге, дәлелдеуге үйрету.

3. Оқушыларды ұйымшылдыққа, ізденгіштікке тәрбиелеу.

4. Шығармашылықпен жұмыс істеуге үйретіп,ақыл –ой жүйесін дамыту

5. Пәнге деген қызығушылығын арттыра отырып, топта бір-бірінің ойын тыңдату.

6. Оқушылардың ой –өрісін дүниетанымын кеңейтіп,сөйлеу шеберліктерін жетілдіру.

7. Оқушыларға ойланып – толғануға, ойын ашық айтуға мүмкіндік беру.

8. Өз беттерінше іс-әрекеттерді ұйымдастырып, әдіс – тәсілдерді шыңдау.

9. Оқушылардың тіл байлығын, сөйлеу мәдениетін дамыту.

Сабақта қолданатын әдістерім: «Топтасыру» стратегиясы, «Кубизм» стратегиясы, «Ой қозғау», «Бес жол өлең» , «Венн диаграммасы» , «Терме диктанты» , «Галереяны шарлау» , «Суретке қарап әңгіме жазу» , «Суретке қарап мақал айт», «Артығын тап». Ақын,жазушылардың дайын мәтіндерін басқаша аяқтау. Мәтін бойынша мақал құрастыру,Әңгімелерді салыстыру, бөліктерге бөлу. Шығарма, мәтін, ертегі құрастыру (тақырып бойынша, жоспар бойынша, тірек сөздер арқылы). Кейіпкерге мінездеме беру.Шығарма бойынша сурет салғызу, ауызша суреттеу, қиялдау арқылы суреттеу, мүсіндеу.Рөлге бөліп оқыту. Логикалық ойлауын дамытатын ойындармен барілген тапсырмаларды шешкізу (анаграмма,сөзжұмбақ т.б.) Диалог-ертегі, Образға кір.

Оқушы үшін тиімділігі:

1.Еркін сөйлеуге мүмкіндік береді.

2.Тіл байлығы жетіледі, сөздік қоры дамиды .

3.Ұжымдық іс-әрекетке дайындайды.

4.Топта бір –бірінің ойын тыңдайды, пікір таластырады .

5.Шығармашыл белсенділігі артады, ақыл – ойы дамиды .

Мұғалім үшін тиімділігі :

1.Оқушылардың үлгерімі артып, Еңбегінің нәтижесін көреді .

2.Оқу әдістерін тиімді қолдану шеберлігі артады, білімді шығармашылықпен меңгерту дағдысы қалыптасады .

3.Оқытудың ғылымилығын арттырады.

4.Әдістемелік қоры жинақталып, жұмысы жеңілдейді.

5.Өз білімін толықтырып, өз ісіне сын тұрғысынан қарайды .

Нәтиже:

  • 1. Оқушылар бір-бірін тексеріп, өзгеге пікір айтуға үйренеді.
  • 2. Оқушы өзін еркін ұстап, өз ойларын ашық айтуға үйренеді.
  • 3. Оқушының білім сапасы көтеріледі.
  • 4. Оқушының сабаққа деген қызығушылығы, белсенділігі артады.
  • Сын тұрғысынан ойлау технологиясының әдістері арқылы сабақты қызықты өткізуге тырысасың

Кез-келген ақпараттың тарихын талқылай білуге, бұл ақпараттың бүгінгі күнгі қоғамдық өмірдегі орны жайлы өзіндік қорытынды жасай білуге тәрбиелеу.Осы жұмыстың нәтижесінде шығармашылық талпынысқа бейім оқушылар дараланып көріне білді.

Мұғалімнің бойынан қажарлы еңбекті талап ететін сала – ғылыми білгірлік деп білесің.

Ғылыми білгірлік дегенді - әр ұстаз өз пәнінен шебер болу керек деп топшалаймын. Оқушыға берілетін білімнің ғылыми негізінің дұрыс болуы педагогтың міндеті.Осы орайда өзім қатынасқан Х.Досмұхамедов атындағы Атырау Мемлекеттік Университетінде өткен академик Зинолла Қабдолов оқуларын атап өтер едім.Ізденістерім Х.Досмұхамедов атындағы АтМУ баспасы 2014ж «Физика математика ғылымдарының қазіргі білім беру кеңістігіндегі рөлі» атты IV халықаралық ғылыми-практикалық конференциясының материялдар жинағына «Дарынды балалармен жұмыс ұйымдастырудың озық әдіс-тәсілдері» атты баяндамам жинаққа енді.

Өмірдің күйбеңімен басылып қалмай, өмір ағымынан қалып қоймауға тырысамын. Компьютерді жетік меңгеріп, сабақтарыма көрсетілімдерді өзім жасап жаңа инновациялық технологияларды тиімді пайдаланып жүрмін. Шығармашылықтан да қол үзбеймін. Бұл жөнінде Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев: «Ғасырлар мақсаты – саяси-экономикалық және рухани дағдарыстарды жеңіп шыға алатын, ізгіленген ХХІ ғасырды құрушы іскер, өмірге икемделген, жан-жақты жеке тұлғаны тәрбиелеп қалыптастыру»,- деген тұжырым жасады. Ол үшін бүгінгі оқу үрдісіне сай педагогикалық шеберлік қажет. «Педогогтік шеберлік – дарынды талант емес, үйрену, ізденудің нәтижесі. Мұғалім шеберлігі жайлы жазылған дайын қағида жоқ, болуы да мүмкін емес. Ендеше, бүгінгі білім мен білік бәсекелес заманда ұландарымыздың биіктен көрінуіне күнделікті ісіміздегі жаңашылдығымыз арқылы, жан-жақты берген тәрбиеміз арқылы қол жеткіземіз.  

Қорыта келе, мен өзіме мұғалім ретінде білім беруші, тәрбиелеуші, екінші ата-ана, сырлас-дос, қатал талапкер, адал сыншы, адами деңгейі жоғары адамзаттың қалыптасуына ықпал етуші тұлға болуға тиіспін - деп талап қоя білуіміз қажет.

 

 

Просмотров: 390


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст