Сабақтың тақырыбы: “ Кітап-біздің досымыз ”.
Мақсаты: Оқушыларға кітаптың маңызын,кітап арқылы білім берілетінін ұғындыру.Шығармашылық қабілетін,ой-өрісін дамыту.Оқулықты,кітапты құрметтей білуге, ұқыптылыққа, адамгершілікке тәрбиелеу.
Көрнекілік: суреттер
Сабақтың барысы:1.Ұйымдастыру кезеңі.
Жұмбақ шешу.
Көп әңгімем, өлеңім, Күнде ақыл беремін. Жақсы көрсе мені кім, Мен де оны жақсы көремін. ( Кітап).
2.-Бүгінгі сынып сағатымыз кітап туралы болмақ.Кітап адам өмірінде ерекше мәнге ие.Себебі кітап арқылы адамның ой-өрісі,пікірі,дүниеқарасы қалыптасады.Кітап біздің ойлау қабілетімізді ,сана-сезімізді өсіреді.Сондықтан кітапты халқымыз асыл мұра ,қазына деп санайды.
Сендерге қысқаша кітаптың шығу тарихынан әңгімелеп берейін.
Алғашқы кітап баспасы ағаштан жасалды.Кітап мұқабасын ертеде теріден де жасайтын болған.Қазақ кітап баспасы Ресейге қосылған соң қалыптасты.Тұңғыш қазақ кітаптары 1800 жылы шығарыла бастады. Кітаптар түрлі мазмұнда ,әр түрлі көлемде болады.
3.Енді кітапты ұстау ережелері жайлы біліп алайық.
1)Кітапты ұқыпты,таза ұстау керек.Өздеріңнен кейін оны көптеген балалар оқитынын есіңнен шығарма.
2)Кітапты төсекте жатып, ас ішіп отырып оқыма, кітап оқуды үлкен ой еңбегімен оқу керек.
3)Кітапты қалай болса солай оқыма.
4)Кітапты жыртуға,сызуға болмайды.
5)Кітапханада шулауға болмайды, өйткені басқаларға кедергі келтіресің.
4.Оқушыларға кітап көрмесі.
5.Кітап туралы тақпақтар
1-оқушы: Кітап та алма ағашы, Жемісін біздер теретін. Тәтті алмаға балашы, Кітабыңның әр бетін. 2-оқушы: Кітаппен мен достастым,
Жалқаулықпен қоштастым.
Оқымаған әңгіме мен ертегі,
Көп екен-ау бірақ тым.
3-оқушы:
Сауатты болып өсемін деп ойлаймын,
Арманыма жетпей бірақ қоймаймын.
Таза ұстап, кітаптарды жинаймын,
Оқып болған соң қарындасыма силаймын.
6.Кітап туралы даналық сөздер
Артық ғылым кітапта, Ерінбе оқып көруге. Абай.
Кітап маған тақтан да қымбат.
Шекспир.
Кітап-әлемдегі құпиялы ұлы ғажайыптардың бірі.
Горький
7.“Жалғастыр”ойыны.
1.Білім - ... (таусылмайтын байлық). 2.Кітап - білім бұлағы, ... (білім - өмір шырағы). 3.Кітап – ... (алтын қазына). 4.Өнерліге ... (нұр жауар). 5.Өнер - ағып жатқан бұлақ, ... (Білім – жанып жатқан шырақ).
8.Жұмбақтар.
1.Ілулі тұр кең алаң, Керегімді мен одан. Жазып алам көшіріп, Сүртем сосын өшіріп. (Тақта).
2.Төрт қырлы, өзі аппақ, Тақтадағы ізі аппақ. (Бор)
3.Сансыз ойлар бетінде, Сайрап жатыр бар тілде. Керекпін мен әр күнде, Өшпейді бір әрпім де. (Кітап).
4.Тілі жоқ өзінде, Сөзі бар ізінде. Өшпейді бір әрпім де.(Қалам).
9.Ой қозғау. Кітап неден, қалай жасалады? Кітапсыз өмірді елестету мүмкін бе? Кітапты қалай ұстауымыз керек? Кітапханаларға барып кітаптар алып оқимыз ба? Қандай кітап оқығанды жақсы көресің?
10.Қорытынды.
-Мына өлең шумақтары әрқашан жадыңызда болсын деген тілекпен сабағымызды аяқтаймыз.
Кітабың сенің, құралың, Жағар білім шырағын. Баса алмайсың ешқашан, Онсыз алға бір қадам.
Кітабыңды құрметте, Күтіп ұста кірлетпе. Кішілерге табыс ет, Дақ түсірмей бір бетке.